Прокуратура қызметкеріне қарулы шабуыл жасаған азаматтың видео үндеуі жарияланды

22 июля 2017

Youtube желісінде өзін Өмірбек Жампозов деп таныстырған адамның видеоүндеуі пайда болды. Ер адам құқық қорғау органы өкілдерінің тарапынан заңсыз қылмыстық қуғындауға ұшырағанына шағымданып, ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің атына жазылған арызын оқиды.

Өмірбек Жампозов — «Қазақстан су шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы бас директоры. Ол 20 шілдеде Ақмола облысы Целиноград ауданы прокуратурасы алдында прокуратура қызметкері мен полицейге оқ атып, жаралаған. Содан соң ер адам өз-өзін атып өлтірді.

Бас прокуратура хабарлағандай, Жампозов бюджеттік қаражатты жымқыру ісі бойынша сотталушы болған. Сол күні сот үкімі шығуы тиіс болатын. Жараланған прокурор сотқа мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысқан.

Дeреккөз:  sputniknews.kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика