11 жастағы оқушы жас қызды педофилден құтқарып қалды (видео)

29 августа 2017

Ақтау қаласында жас батыр пайда болды. Он бір жастағы Ақжол Сансызбай кішкентай қызды педофилдің зорлығынан аман алып қалды. Оқиға өткен жексенбі күні орын алған. 

Оқушы сол күні үйінің қасындағы құрылыс алаңынан өтіп бара жатып, ер адамның кішкентай қызды сүйреп бара жатқанын көріп қалған.  Ол бірден қылмыскердің соңына түседі. Жас қызды қаңыраған құрылыстың жоғарғы қабатына алып шыққан азғын оны зорламақ болыпты. Ол шыңғырған қызды қылқындыра бастаған кезде оқушы қуыстын шығып, оған тұра жүгіреді. Күтпеген шабуылдан сескенген еркек оқиға орнынан  қашып кеткен. 

Ақжол жәбірленуші қызды үйіне ертіп барып, полицияға қоңырау шалады. Жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары қылмыскерді із суытпай ұстаған.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика