101 жастағы әже кенже сәбиін дүниеге әкелді

11 октября 2017

Италиялық 101 жастағы әже дүниеге сәби әкеліп, әлемдегі ең қарт ана атанды. Бұған дейін бұл «лауазымды» 92 жасында босанған Африка тұрғыны иеленіп келген еді.

Бұл туралы “Новые известия” басылымына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.

Жасы ұлғайған сайын, әйел адамның бала туу қабілеті төмендейді. Алайда ғылым дамыған мына заманда бәрі мүмкін секілді. Оған бүгінгі кейіпкеріміз дәлел.

101 жастағы кейуана салмағы 4 келі болатын сәбиін босанды. Ол он жетінші баласын дүниеге әкелді. Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің сүт безі алмастырылған соң, оның жүктілігі анықталған. Баланы алдырып тастауға кейуананың дәті бармаса керек-ті.

Анатолия Вертаделла он жетінші сәбиі – Франческоның дүниеге келуін «Жаратқанның құдіретінің дәлеліне» теңеді. 48 жасында сүт безі обырына шалдыққан ол сол шақта Құдайдың қаһарына ұшырадым деп ойлаған.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика