Қасымнан-Ғасырға

Баннер

Ақын күнделігі

Қасым кітапханасы

Баннер

Ауа райы



Валют бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары

Қазір елімізде...

Ақын жайлы үзік ой

Қасым поэзиясынан халық жанының батырлығын, жомарттығын, бауырмалдығын, мархабаттылығын, алғырлығын мол табамыз. Бұл поэзияның тәрбиелік күші де көбінесе осы жағында. Қасымның мейлінше жағымды, лепті, күйлі, сыршыл поэзиясы – әр ұрпақтың да көңіл серігі бола алатын, ұзақ жасайтын поэзия. Қасым халықтың жанына үңіліп, оның шаттығына бірге шаттанады, мұңына бірге мұңаяды... Қасым поэзиясы домбыраның сағағынан күмбірлеп сорғалаған  қоңыр күйге ұқсайды. Бұл күйден көңілінің санасы барлар әрқашанда мол ләззат, нәр алып, кең тыныс табады. Қаншама тыңдасаң да жалықтырмайтын өміршіл күй бұл! Сезіміңді тереңдетіп, мейіріміңді молайтып, қиялыңа қанат қақтыратын, жаныңды шабыттандыратын Қасым поэзиясы жаңарған өмірге әржақты жараса бермек. Сондықтан да өлімнің құшағына симайтын ақындардың бірі өзіміздің Қасым деп білеміз.

Тәкен Әлімқұл

 

Жәлел Қуандықұлы. Жыр жазғандай боламын, ең соңғы рет...

Басып шығару PDF

Дүниеге келер әлі...

Шалқаров  Жәлел  Қуандықұлы - 1986 жылы 10-қаңтарда Қарақалпақстан  Республикасы, Беруний  ауданында  дүниеге келген. 2009  жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Бүгінде Алматы қаласында қызмет етеді.
Жырлары мерзімді баспаларда жарияланып тұрады. Өлеңдері "Қасымнан- ғасырға" атты Қарағанды облысы жас ақындарының аудиоантологиясына(2011), «Өмірге келер әлі талай Қасым...» жыр жинағана енген. (2011)  Бірнеше жас ақындар мүшайраларының жүлдегері.

Тағдырымен  алысқан  пенде  дертін,
Жылуымен жырымнын емдеп  еркін.
Өлең- дейтін  өлкеге өрлік  етіп,
Өз  жүгімді  арқалап  мен де келдім.



Жәнiбек Сүлеев. «ШАЛА ҚАЗАҚ, АДА ҚАЗАҚ» дегенді ойлап тапқан мен емес!

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

Жәнiбек Сүлеев – белгiлi журналист, көсемсөзшi. Өзiнiң сөзiмен айтқанда, «шала қазақ». Бiрақ орыс тiлiнде мақала жазса да, қазақ тiлi, қазақ қоғамының қажеттiлiгi тұрғысында ой қозғайтыны да шындық. Жәнiбек Сүлеевтiң жыл басынан бергi орыстiлдi газеттер мен ресейлiк ақпарат құралдарына берген бiрқатар сұхбаттары қоғамдық ортада бiраз дау туғызды. Осыған орай, әрiптесiмiзге жолығып, пiкiрiн бiлгендi жөн көрдiк. Сол кезде мен намыстандым. Не үшін екенін білесің бе? Біздің қазақ интел­лигенциясының соншалықты дәрмен­сіздігіне намыстандым. Біздің ақсақалдар неге совет заманында қарсылық ретінде үстіне бензин құйып, өзін өртеп жібермеді немесе грузин Звиад Гамсахурдиа немесе әзірбайжандық Абульфаз Эльчибей сияқты диссидент болмады? Біздің барлық ақын-жазушыларымыз, әсіресе советтік заманның ақын-жазушылары – патриот ретінде әрекет ете алмады. Қазір олар батыл. Бірақ кезінде қазақ мектептерін жабуға жол беріп, қазақ ауылының бақытты өмірі туралы том-том романдар жазып, ақысына совет билігінен қаламақы, пәтер, «Волга» алған ұрпақ бүгінде қазақтарды бөлуге кірісті ме? Ал біздің басқару органдарында қызмет еткен азаматтар, саяси-партиялық номенклатура ше?



Болат Жұмынұлы. Қазақ тарихын қазақ жазса не болады?..

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

Жиырмасыншы жылдардың соңы, кеңестік тарихнамаға сәйкес, ұлан-байтақ еуразиялық кеңістікте социалистік қоғам орнатуға кіріскен большевиктер партиясы үшін тамаша жетістіктер кезеңі болып саналғаны белгілі. Соның ішінде Сталин бастаған жаңа билеушілер тобының ауылшаруашылығы саласын жаңа бағытта қалыптастыру әрекеттері, яғни тарихқа жаппай ұжымдастыру кезеңі деген атпен енген саяси науқан басталды. Жетпіс-сексен жылдан артық уақыт бойы «қол жеткізген ұлы жеңістер» қатарында тұрған осы бір елеулі оқиғаның талай қыры мен сырларының бар екендігін енді ғана байқап, бүгінгі күннің тұрғысынан талдау жасап отырмыз десек, мүмкін бұл ой көңілден онша шыға қоймас. Шы­ныменен, Коммунистік партияның да­рынды қолбасшылығының арқасында толық бір формацияны аттап өтіп, социалистік қоғамды басынан кешіріп отырған қазақ ұлтының тек ауыл шаруашылығын артельдік формасы – колхоздарға көшкен кезінде жаппай ашаршылыққа ұшырап, 2,5 миллион адамынан айрылған дегенге кім сенеді?!



Амангелді Қашқымбаев. Солақай саясаттың сойқаны

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

Жиырмасыншы жылдардың соңы, кеңестік тарихнамаға сәйкес, ұлан-байтақ еуразиялық кеңістікте социалистік қоғам орнатуға кіріскен большевиктер партиясы үшін тамаша жетістіктер кезеңі болып саналғаны белгілі. Соның ішінде Сталин бастаған жаңа билеушілер тобының ауылшаруашылығы саласын жаңа бағытта қалыптастыру әрекеттері, яғни тарихқа жаппай ұжымдастыру кезеңі деген атпен енген саяси науқан басталды. Жетпіс-сексен жылдан артық уақыт бойы «қол жеткізген ұлы жеңістер» қатарында тұрған осы бір елеулі оқиғаның талай қыры мен сырларының бар екендігін енді ғана байқап, бүгінгі күннің тұрғысынан талдау жасап отырмыз десек, мүмкін бұл ой көңілден онша шыға қоймас. Кейбір шетел ғалымдары жазған еңбектер оқырмандар қолына өте құпия түрде жетіп жатса да, ондағы келтірілген деректердің жантүршігерлік болғандығы соншалықты, тіпті, кеңестік идеологияның ықпалына әбден берілген, «мызғымас халықтар достығы мен олардың қажырлы еңбегінің арқасында коммунизм орнатуға» дейін барып қалған қоғамның солай болды екен дегенді бірден қабылдамағаны да сөзсіз.



Қазақ киносының марқасқасы

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

Қазақ киносының классикалық кезеңі деген ұғым бар. Ол шын мәнінде, ұлы кино туындыларының дүниеге келген кезі. «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Тұлпардың ізі», «Таңғы жаңғырық», «Менің атым Қожа», «Отқа оранған Орал», «Оның заманы келеді әлі», «Көксерек», «Қараш-қараш оқиғасы» сияқты өлмейтін фильм­дер Камалдың кезінде дүниеге келді. Ол жылдар әлі де болса, өңезе коммунистік қаһардың салқыны сына қоймаған кезі еді ғой. Сол кезде, әр қадамымыз аңдулы болды. Қазір қарап отырсам, бір сценарий жазылатын болса, сол бекіп келгенше, жиырма екі кедергіден өтеді екен. Сондай қатал кезде, Мәскеудің киногерлері үкіметке, партияға жалтақтап, әйтеуір экранға өтсе болды деген себеппен әлжуаз, ұсақ фильм­дер жасап жатқан кезде, Қазақстанда ғасырлардан ғасырларға кететін фильмдер жасалды. Осындай фильмдердің дүниеге келуіне Камалдың себепкер болғаны даусыз. Өзінің жайдары мінезімен жарқылдап күліп жүріп, бастықтар ұрысса да қарсы келместен, бір ауыз сөз айтпастан, үндемей жүріп, қыруар шаруа бітірді. Бастықтарына қарсы келмей, тыңдаған болып жүріп, кабинетінен шыға салысымен, өзінің дегенін жасайтын еді. Камалдың сол мінезі арқылы, Камалдың тазалығы арқылы, ешкімге жағына білмейтіндігінің арқасында дүниеге осындай ғажап фильмдер келді. Қазақ киносының төрт ұлы, төрт алтын тағаны деп, Шәкен, Мәжит, Сұлтан, Абдолланы айтып жүрміз ғой. Солармен тіл табысып, «аға-көке» деп жүріп, осы фильмдердің дүниеге келуіне Камал себепші болды. «Қыз Жібектің» түсірілуі тіптен қызық.



Айгүл Аханбайқызы. «Жаужүрек мың бала»: Қазақтар, түнде келіңдер!

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

«Жаужүрек мың бала» фильмінің жарнамасы дүркірей бастағанда ел құлағы елеңдей қалды. Теледидардан түспей «Аттандық, Алаш!» деп ұрандатып жатқан соң, қайдан білейік, бір кереметті түсірген шығар деп кинотеатрға асықтық. О, тоба... Астанадағы айналдырған алты кинотеатрдың төртеуінде бұл киноны орысша ғана көрсетеді екен. Уақытын тізіп алып, пайызға шағып көрдік, көрсетілімнің 87 пайызы «ресми», 13 пайызы ғана мемлекеттік тілде. Қазақша «Сары Арқа» және «Хан Шатырда». Оның өзі сағат нешеде дейсіз ғой.  Түскі 13.00-ге, түнгі 23.20-ға қойыпты. Оу, сонда қазақтардың бәрі ерігіп жүр ме?
Ал жұмысымызды тастай салып киноға шұбырайық, «Кинопарктің» иелері біздің орнымызға жұмыс істеп бере ме? Күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей, «Мың баланың» қазақшасын аңдып отыруымыз керек пе әлде?.. Парадоксты қараңыз: тек Қазақстанда ғана мемлекеттік компанияның мемлекеттік тілде түсірген киносы бөгде тілге аударылып ұсынылуы мүмкін. Сонда ойлайсың, қазақша көрсете алмаса, қазақтың тарихы туралы кино түсірем деп тыраштанудың қажеті қанша еді. «Мың бала» түгілі, «Он мың бала» болса да, оның орысқа бес тиынға керегі жоқ қой, әйтпесе.



Жазушылар құрылтайы Жарғыға сәйкес өтедi

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

“Жас Алаш” газетiнiң 2012 жылғы 24 сәуiр күнгi санында “Қаламгерлердiң кезектi құрылтайын өткiзу үшiн арнайы комиссия құрмақ” деген тақырыппен ақпарат жарияланды. Осында аты аталған қаламгерлер бұған дейiн де әртүрлi ақпарат құралдарында Қазақстан Жазушылар одағының атына сыңаржақ пiкiрлер айтып, қоғамдық пiкiр арқылы алауыздық тудыруға тырысып келедi. Жалпы, Жазушылар одағының кезектi құрылтайы жақындаған тұста қоғамдық ұйымды бөлшектеуге және қаламгерлер қауымының тұтастығына сызат түсiргiсi келетiн түрлi пиғылдардың бас көтеретiнiн көрiп жүр­мiз. Әр мiнбеден әртүрлi пiкiр бiлдiрiп жүретiн осы бiр топтың бел ортасында бұрын үнемi Жазушылар одағын қызғыштай қорып, ағалық сөзiн айтып жү­ретiн қазақтың көрнектi қа­ламгерi, Халық жазушысы, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмадiловтiң болуы бiздi қайран қалдырды. Осыдан аз күн бұрын “Жас Алаш” басылымына берген сұхбатында президенттiк стипендияға iлiнбей қалғанына өкпе бiлдiрген ақсақал жазушымыз, “31 арна” арқылы “16 жыл бойы Қазақстан Жазушылар одағы түк бiтiрмей отыр” деп өзi мүше болып отырған ұйымын айыптады.



Павлодар әкімі зиялыларға қолдау көрсетуде

Басып шығару PDF

Дүниеге келер әлі...

Павлодар облысы  әкімі Ерлан Арын мырзаның қолдауымен керекулік қаламгерлер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері: Арман Қани, Виктор Семерьянов, Сүлеймен Баязитов, Ақын Алақанұлының кітаптары және жас ақын-жазушылардың «Тәуелсіздік тұғыры» атты  ұжымдық жинағы Астана қаласындағы «Фолиант» баспасынан әрқайсы 1000 данамен жарық көрді. Ұжымдық жинаққа 2011 жылы, Қазақстан Рекспубликасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында  Павлодар облысы әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы ұйытқы болып, Павлодар қаласында өткізілген республикалық жас қаламгерлер фестиваліне қатысқан жас ақын, жазушы, драматургтердің туындылары енген. Сонымен қатар тікелей аймақ басшысының  қолдауымен Павлодар қаласында  «Найзатас» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналы  шыға бастады.  Журналдың таралымы – 1000 дана, көлемі – 200 бет, мұқабасы мен бірталай беттері түрлі-түсті суреттермен безендірілген.



Ыспандияр Солташұлы. Ұлттық рухани тәрбиені отбасына ойыстырайық

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

Бүгінгі таңда ұлтымызға сын көзбен қайырыла қарайтын болсақ, біздің қандай ортада тұрғанымыз маңызды болмай, қайта, қай бағытта жылжып бара жатқанымызды айқын аңғару маңызды есептелмек. Себебі кез-келген ғимараттың беріктігі оның ірге тасының қалай қалануына байланысты болатыны сияқты, жалпы ұлттық болмысымыздың бекемдігі былайғы тұста өсер ұрпақтың ұлттық рухани қуатының күшті-әлсіздігіне тікелей қатысты болмақ. Бұл күндері адамзат өркениетіне күшті, әрі терең ықпал ететін әлемилену үрдісінің күллі өмірдің барлық саласын шарпитын күрделі құбылысқа айналғаны белгілі. Бұл құбылыс әсіресе, өркендеп дамуды өзіне енді ғана мақсат тұтқан ұлттардың тілі мен діліне, жалпы ұлттық рухани кеңістігіне күшті әсер етуде.



Ұлтты өгейсіну үйден...

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

– Бүгiнгi бiздегi ағартушылық мәселесiне назар салып қарасақ, бiр науқасқа ұшырағанымызды аңғару қиын емес. Ол «бәрiмiз университет тауыстық, бiз бәрiн бiлемiз» деген тоқмейiлсудiң байқалуы. Негiзiнде қандай уақыт, қандай бiр дамып кеткен қоғам болғанның өзiнде ағартушылық қызмет ешқашан ақсамауға тиiс едi. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Iлiмдi қытайдан болса да үйренiңдер» деген. Олай болса, адам баласы туғаннан бастап, соңғы ақтық демiне дейiн iлiм үйренуi керек болатын. Iлiм ағартушылық жолмен келедi. Мен бiр нәрсенi бiлiп болдым деген жерде кез келген адамның iлiмi тоқтайды. Ол адам бiлiмсiз бола бастайды. Бiздiң бүгiнгi қоғамның жағдайы осындай.  Осы күнi телевидение – жанды қару болып тұр. Үйге барған соң, үлкенiмiз де, кiшiмiз де көк- сандықтың алдына жайғасамыз. Мемлекет телевидениеге қыруар ақша бөлiп жатыр. 



Қасымның ән-жыр кешін өткізу үшін 110 жылдығын күту міндет пе?

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

Мына «тәкаппар» дүниеге, тура сол дүниенің өзіне тартқан тәкаппар, паң мінезімен тіл қатып: «Танимысың сен мені, мен – қазақтың баласы!» – деп қасқая жырлау дәл сол тұста Қасым сынды өр ақынның болмаса, басқа ешкімнің қолынан келмесі анық еді. Мұқағали да ағасының сол ерекше мінезіне: «Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің әмбесінен Қасымның десі басым», – деп дөп басып, баға берген. Сондай ардақты тұлғаның ғасырлық мерейтойын былтыр Алаш жұрты дүркіретіп атап өтті. Ал биыл көктем туысымен Аманжолдың Қасымы қазағымен қайта қауышпақ. 17 мамырда өтетін Қасымның ән мен жыр кешінің өтуіне ұйытқы болып отырған бастамашы топтың төрайымы белгілі әнші Гүлбаршын Тергеубековамен сұхбаттасқан едік.



Алтыншапақ Хаутай. Қобыз деген – қазақтың көкірегі...

Басып шығару PDF

Дүниеге келер әлі...

Алтыншапақ Хаутай 1990-жылы Моңғолияның Қобда аймағында дүниеге келген. 2007 жылы Баян-Өлгей аймағының 5-аға мектебін, 2011 - жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология факультетін тәмамдаған. Халықаралық қазақ тілі мен әдебиеті бойынша өткен пәндік олимпиадалардың, көптеген жыр мүшайраларының жеңімпазы. Өлеңдері республикалық басылымдарда жиі жарық көреді. Баян-Өлгий аймағының 70 жылдық мерейтойына арналған жыр мүшайрасының бас жүлде, Астана қаласында мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Туған тілім –тұғырым» атты халықаралық ақындар мүшайрасының екінші орын иегері. Қадыр Мырза Әлі атындағы сыйлықтың лауреаты. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың І курс магистранты.



Гүлсара Шалқар. Өз ұлтымды «өзгешелеу» сүйемін...

Басып шығару PDF

Дүниеге келер әлі...

…Жақсы қызды жар еткіңіз келеді.
Еліңізге келін болман, себебі:
Том-тарихты ақтарғанда болашақ
Қазақ болып қалу керек  дерегім.
Бастарында болғаннан соң бостандық,
Қаншама қыз «өзге» жастық жастанды.
Ел болмайтын «жиендерді» көбейтіп,
Қазағыма жасамаймын қастандық …



Ғабит көп – Ғабең жалғыз

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

Ғ.Мүсірепов 1927-1928 жылдары Бурабай ор­ман шаруашылығы техникумында оқыту­шылық қызмет атқарады. Осы жылдары оның Бурабай орманынан Ой орманына қарай сапарға шыққанын аңғарамыз. Оның мұражай экспозициясында тұрған ең алғашқы түскен фото­су­реті де осы жылдардан қалған бір белгі. Жәй бел­гі емес, символдық мәні бар нышан. Міне, ат тіз­гінін тартып, үзеңгіні шірей, жиырма бес жастағы жігіт ұзақ өмір жолына шығуға қам­данғандай. Фотосурет өте жақсы сақталған. Сол жылы Ғ.Мүсіреповтің тырнақалды туындысы «Теңіз тепкісінде» Қазақстан мемлекеттік баспасынан «Тулаған толқында» деген атпен жарық көреді. Әдемі үйлесімді байқаған боларсыз. Атқа қонған азамат һәм алғашқы кітабы шыққан қаламгер!


Нұрлан Дулатбеков. Ғылымның қиын жолындағы ерлік

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

«Профессор Зарқын Тайшыбай 70-ке ке­ліпті» деген хабарды естігенде, көңілдің көк дөненін кері бұрып, осыдан жиырма жыл бұрын бұл кісіні алғаш көріп тілдескенімді, жай пенде емес екенін бірден танығанымды есіме алдым. Сол күннен дәл бүгінге дейін қасында жүргендеймін, кейінгі оншақты жыл екі қиырда болсақ та байланысымыз үзілген жоқ. Ертеректе Зейнолла Исағұлов деген философ ағамыз болды, алғаш сол кісінің аузынан: «Бұл Тайшыбаев, осындағы талай доцент, профессорыңнан артық, тым көп біледі» деген сөзді естігенде, «кімді кім мақтамайды, жақсы көргеннен соң айтқан шығар», деп ойлағанымды жасырмаймын. Се­бебі, ол кезде ғылыми атағы жоқ оқы­тушының беделі орталау болатыны рас қой.